November 19, 2024

Елу жылда ел жаңарады

Кейбір өзгерістерді асықтыруға болмайды. Кез-келген елдің өзінің минусы, жаман жақтары болады. Соны өзгертуге талпыну, тырысу маңызды. Бірақ негізгі сұрақ оны қалай өзгертесің? Барлығын ұрысып, керісіп, төбелесіп, көтеріліске шығып өзгертесің бе? Әл де байыппен, ұзақтыққа ойнап, даналықпен өзгертуге тырысасың ба?

Мен екінші көзқарас дұрыс деп санаймын. Асықпай байыппен өзгерту керек. Тез, асығыстықпен, көтеріліспен келген өзгерістер көпшілік жағдайда аса көп нәрсе өзгертпейді. Алысқа кетпей өзіміздің басымыздан өткізген тарих бетіндегі кезеңдерге көз жүгіртсек жеткілікті. Мысалы кеңес одағының құрылуы, Қырғыстандағы 3-4 рет болған көтерілістер, былай ойласақ ақыр соңында үлкен бір жетістікке әкелді деп айту қиын. Кеңес одағының құрылуы қанды азамат соғысқа әкелсе, одан кейінгі Қырғыстандағы көтерілістер үлкен бір өзгеріске әкелді деп айту қиындау. Кемінде, маған Қырғыс достарымның айтуы бойынша.

Араб елдерінде 2011 жылдары болған көтерілістерде үлкен бір өзгеріске әкелмеген.

Енді қазіргі система ұнамаса не істеу керек деген сұрақ туындауы мүмкін. Ол үшін барынша жас ұрпақтың тәрбиесі және жеке тұлға (жауап кершілігі жоғары, білімді) болуына барынша мән беру керек. Соның арқасында небәрі 15-20 жылдың айтарлықтай нәтиже көруге болады.

Өзгерістерді найзаның ұшымен емес, қаламның басымен жасау керек деген ойды ұстанамын.