Мен өзімді көп толғанып, көп ойланатын адамдардың қатарына жатқызамын. Бірақ көп жағдайда өз ойларыммен көпшілікпен бөлісе бермеймін. Тіпті көпшілік құрлы, жақындарыммен бөлісе бермеймін.
Бүгін Венесуэлаға АҚШ шабуыл жасап, бірнеше әскери нысананын бомбылап, президентті тұтқындап алып кетті. Венесуэла президенті Мадуро қанша келісім сөзге келгісі келседе, Трамп оған бет бұрмай бомбылау жөнді деп ойлады. Трамптың айтуынша негізгі себеп ол нашақордың тасымалдануын азайту. Бірақ бұл айғақты растайтын ешқандай дәлел жоқ. Керісінше мұнайға бай Венесуэлаға табыс табу үшін нашақор сатудың мүлдем қажеті жоқ. АҚШ-қа әлде қайда жақын елдер нашақор тасымалдауда бірінші тұр (Мексика). Бірақ, Мексикада Венесуэламен салыстырғанда мұнай жоқ. Онымен қоса егер АҚШ өзімен шекара бөліскен Мексикаға шабуыл жасайтын болса, Америка тек әуе күшімен шектеліп қана қоя алмайды. Мексиканың АҚШ-қа тікелей шабуыл жасауға мүмкіндігі бар. Америка...
Израильдің Иранға шабуылы ядролық қару үшін дейді. Кезінде сондай сылтаумен Иракқада шабуыл жасалған еді.
Миға структура маңызды. Егер күнделікті жасайтын істердің тізімі болмаса, әркүн сайын ми істерді есте сақтау үшін көп энергия қаржайтын болады.
Кез келген экономика сенімге байланысты. Егер адамдар кез-келген елдің экономикасына сенбейтін болса, ол елдің экономикасы дамуы екі талай.
Жасанды интеллекті тренинг жасау үшін көп ақпарат қажет. Ақпараттың көлемі ғана емес, онымен қоса сапасы да маңызды.
Үлкен политика - қасқырлардың мекені. Егер кез-келген келісім шарт, әлсізбен күштінің арасында жасалатын болса, әлсіз әрқашанда қосымша сақтануы, күмәндәнуі қажет. Көркем сөзге алданып қалмауы қажет.
Санап қарасам, Қазақстандағы президенттік сайлау 2029 жылы болады екен. Қазір 2025 жыл. Сонда небәрі 4 жыл ғана қалыпты. 4 жыл көзді ашып жұмғанша келіп жетеді. 4 жылда нелер өзгеруі мүмкін, қандай жағдайлар болуы мүмкін.
Әр істе ең қиын нәрсе ол - бастау. Істі бастағаннан кейін ол іс ондай қиын болып көрінбейді.
Кейбір өзгерістерді асықтыруға болмайды. Кез-келген елдің өзінің минусы, жаман жақтары болады. Соны өзгертуге талпыну, тырысу маңызды. Бірақ негізгі сұрақ оны қалай өзгертесің? Барлығын ұрысып, керісіп, төбелесіп, көтеріліске шығып өзгертесің бе? Әл де байыппен, ұзақтыққа ойнап, даналықпен өзгертуге тырысасың ба?
Балаларымыздың психикасы дұрыс болғанын қаласақ, оларға ұрысуға болмайды. Ата-ана тіпті жақсы ниетпен ұрысқанның өзі, балалардың психикасына үлкен зардап тигізуі мүмкін. Олар сосын өскеннен кейін өмір бойы психологқа барып, өздердерінің жастайында алған травмасын емдеумен өткізетін болады.