Бастау: жеке ойлар
Мен өзімді көп толғанып, көп ойланатын адамдардың қатарына жатқызамын. Бірақ көп жағдайда өз ойларыммен көпшілікпен бөлісе бермеймін. Тіпті көпшілік құрлы, жақындарыммен бөлісе бермеймін.
Бұған психологиялық тұрғыда бір себептер бар шығар, білмеймін. Бірақ мен енді өз жеке ойларымды жазба немесе хат түрінде басқалармен бөлісуге шешім қабылдадым.
Бұл хаттар көпшілік жағдайда өзіме жолданған. Ойларымды жазба күйіне түсіру арқылы мен ойларымды жинақтауға, зерделеуге мүмкіндік аламын. Онымен қоса, кеудемдегі/көкіректегі жүкті шығарудың бір жолы деп білемін.
Егер идеаны/ойларды басқалармен бөліспесе, критикадан, басқа көзқарастармен салыстырмаса, жаңа ой шығаруға, ойды әр қарай дамытуға қиын деп ойлаймын. Сол себептіде осы блогты бастадым.
ЕСКЕРТУ: Әрине, бұл блог поста жазылған ойлармен, 100 пайыз келісуге міндетті емессіз. Егер басқаша ойда болсаңыз да болады. Менімен пікір секциясында өз ойыңызбен мәдени түрде бөліссеңіз болғаны.
ЕСКЕРТУ: Онымен қоса, менің ойларым/пікірлерім, өзімнің дамуыма байланысты, жаңа ақпараттарға қол жеткізу нәтижесінде өзгеруі әбден мүмкін. Егер өзгерген болса, солай деп жазамын.