Қасқырлардың мекені
Үлкен политика - қасқырлардың мекені. Егер кез-келген келісім шарт, әлсізбен күштінің арасында жасалатын болса, әлсіз әрқашанда қосымша сақтануы, күмәндәнуі қажет. Көркем сөзге алданып қалмауы қажет.
Украина мен Ресей арасындағы соғыс үлкен политикада құр сөзге сенудің қажеті жоқ екенін бірден көрсетті. Үлкен политикада ешкімге арқа сүйеудің қажеті жоқ екенін көрсетті.
Соғыс енді басталғанда Украинада мүмкіндік болып тұрғанда, Ресеймен келісім шартқа келу мүмкіндігін пайдаланып қалу маңызды еді. Есесіне АҚШ-қа арқа сүйеп, АҚШ әрқашанда көмектеседі деген ойда болды. Ал енді Украина әбден тығырыққа тірілгеннен кейін, барарға жері қалмаған кезде, АҚШ оны тиімсіз шартқа келісуіне итермелеп жатыр. Жаралы қойға атылған нағыз қасқырдай, қазба байлықтарын су тегін алғысы келеді.