January 9

Сайлау-2029

Санап қарасам, Қазақстандағы президенттік сайлау 2029 жылы болады екен. Қазір 2025 жыл. Сонда небәрі 4 жыл ғана қалыпты. 4 жыл көзді ашып жұмғанша келіп жетеді. 4 жылда нелер өзгеруі мүмкін, қандай жағдайлар болуы мүмкін.

Төрт жылда:

  1. Бакалаврды жаңа бастаған түлектер университетті бітіреді
  2. 2011 жылы дүниеге келгендер сайлауға құқық алады. Қызық бір факт 2011 жылы дүниеге келгендер меннен 20 жылға кіші екен
  3. Ресей мен Украина арасындағы соғыста аяқталу мүмкін. Ресей бұдан әлде қайда әлсіреп шығуы мүмкін. Қазірде оның жағдайы ондай керемет емес.
  4. Америкада 2028 жылы сайлау өтіп, Трамптың орнына жаңа президент келеді. Трамп кезінде Американың Еуропа одақпен қарым қатынасы нашарлауы әбден мүмкін. Қазірдің өзінде Данияның Греландияға деген құқығын қабылдамай, өзіне алғысы келіп жатыр. Бұл Еуропаны АҚШ тан алыстатуы мүмкін.
  5. Қытай ең үлкен экономикаға айналуы әбден мүмкін.

2029 жылғы сайлауда дауыс берушілердің көпшіліг тәуелсіз Қазақстанда дүниеге келген, Совет одағы туралы тек тарих кітабынан оқығандар болады.

2029 жылғы сайлау Қазақстанның шын мәнінде тәуелсіз, егеменді ел болуына жол ашуы мүмкін. Ол үшін ондай мүмкінді дұрыс пайдалану керек.

Ал енді дұрыс пайдалану үшін не керек?

  1. Қазақстандықтардың саяси сауаттылығын арттыру
  2. Қазақстандықтардың саяси белсенділігін арттыру
  3. Белсенді түрде кандидаттарды дайындау