Келесі кризис АҚШ-ты толайым әлсіретуі мүмкін
Кез келген экономика сенімге байланысты. Егер адамдар кез-келген елдің экономикасына сенбейтін болса, ол елдің экономикасы дамуы екі талай.
Мысалы: егер адамдар (компаниялар) болашақта елдің экономикасы дамиды, алдыға басады деп ойласа, олар сол елген инвестиция құяди. Керісінше, адамдар мен компаниялар елдің болашағына сенбесе, олар барынша болашағы "қараңғы" елден ақшаны сыртқа шығуға тырысады.
Бұл адамдардың жалпы психологиясы.
Америкада 2008 жылы ипотекалық кризис басталғанда АҚШ-ты құтқару үшін бірталай ел АҚШ облигациясын сатып алды. Сол елдердің арасында Қытай мен Еуропа елдері ең көп сатып алғандардың қатарында болды.
Енді келесі кризис кезінде Қытай мен Еуропа елдері АҚШ-қа көмекке келумеулері әбден мүмкін. Әсіресе, Трамп екінші қайта келгелі Еуропа, Қытай, Канада, Мексика және басқа елдермен (Израилден басқа) тарифтік соғыс бастағаннан кейін.
Егер шыныменде мұндай жағдай болса, яғни басқа елдер Американың облигацияларын алмаса, немесе қажетті суммадан аз алса, АҚШ-та 1929 жылдары болған кризистің дәрежесіндей кризис болуы ықтимал. Естеріңізге сала кетейін, АҚШ 1929 жылғы кризистен тек екінші дүние жүзілік соғыс басталған кезде ғана шыға алды.