January 3

Күштіде әрқашан әлсіз кінәлі

Бүгін Венесуэлаға АҚШ шабуыл жасап, бірнеше әскери нысананын бомбылап, президентті тұтқындап алып кетті. Венесуэла президенті Мадуро қанша келісім сөзге келгісі келседе, Трамп оған бет бұрмай бомбылау жөнді деп ойлады. Трамптың айтуынша негізгі себеп ол нашақордың тасымалдануын азайту. Бірақ бұл айғақты растайтын ешқандай дәлел жоқ. Керісінше мұнайға бай Венесуэлаға табыс табу үшін нашақор сатудың мүлдем қажеті жоқ. АҚШ-қа әлде қайда жақын елдер нашақор тасымалдауда бірінші тұр (Мексика). Бірақ, Мексикада Венесуэламен салыстырғанда мұнай жоқ. Онымен қоса егер АҚШ өзімен шекара бөліскен Мексикаға шабуыл жасайтын болса, Америка тек әуе күшімен шектеліп қана қоя алмайды. Мексиканың АҚШ-қа тікелей шабуыл жасауға мүмкіндігі бар. Америка Мексикамен соғыстан жарақатсыз аман қала алмайды. Сондықтанда Мексикаға шабуыл жасамайды.

Енді бұл оқиғадан Қазақстан қандай сабақ ала алады? Бізге ішкі және сыртқы саясатты жөнге салу керек. Бұның ішінде ең маңыздысы ол ішкі саясат. Төртеу түгел болса, төбедегі келеді, алтау ала болса, ауыздағы кетеді деп бекер айтылмаған. Егер ішімізді, жан жағымызды түгендемесек, сырттан іріткі салу оңай болады.

Сыртқы саясатта маңызды. Күшімізді өлшей білу керек. Әркіммен саяси тұрғыда сөйлесіп, жауласпау керек. Бірақ, сыртқы саясатқа толығымен сенудің қажеті жоқ. "Достар" қиын кезде өз мүддесін ойлап тастап кету ықтималдылығы тым жоғары. Тіпті тастамаса да, көмек бере алатындай күш қуаты жетпеуі мүмкін.