June 18

Ядролық қару керек па?

Израильдің Иранға шабуылы ядролық қару үшін дейді. Кезінде сондай сылтаумен Иракқада шабуыл жасалған еді.

Ең қызығы егер Иранда шыныменде ядролық қару болған жағдайда, оларға ешкім шабуыл жасамас еді. Мысал есебінде Солтүстік Кореяны қарап көрейік. Ираннан әлде қайда әлсіз, дамымаған ел болса да, кұнделікті түрде тікелей АҚШ ты бомбылаймыз деп дүкіртседе, оларға қарсы ешкім ештеңе жасамады, және жасай алмайды да. Себебі қорқады.

Осындай мысалдарды ойлап отырып, ядролық қару негізінен соғыстарды тоқтатушы құрал ма деп ойлаймын. Соның арқасында АҚШ пен Совет одағы тікелей ешқашан соғыспады (әртүрі қорқыту мен риторикаларға қарамастан). Индия мен Пакистанда шекаралық қақтығыстардан асып өтіп, соғысқа бармады.