October 13, 2024

Ғалымның хаты өлмейді

Ғалымның хаты өлмейді дегенді жас кезімде көп естігенмін. Шынымен де сондай екен. Егер баршаға пайдалы, сапалы ғылым, жазба, хат артыңнан қалдырсаң, сенің жасаған істеріңнің жалғасы болып жастар қалдырған істеріңмен пайдаланғанға не жетсін. Құдай қаласа, бұл істеріңнің жалғасы о дүниеде де саған пайда әкеліп, Аллаһтың шапағатын алуға септігін тигізуі әбден мүмкін.

Мүмкін, кезінде маған ғалымның хаты өлмейді деп жиі қайталаған анамның арқасында осы блогты бастаған шығармын.

Әйтеуір, ғалымның хаты өлмейді деген сөз маған мотивация береді екен.

Сізге де мотивация береді деген үмітпен, мында бөлісуді жөн көрдім. Адамға жоғарғы мақсаттарға ұмтылу үшін, алғашқы қиыншылықтан қорқып, берілмеу үшін, мотивация беретін қыратты сөздердің, нәрселердің айналысында көп болуы маңызды.

Маған мотивация беретін қыратты сөздердің тізімі:

  1. Ғалымның хаты өлмейді
  2. Атаның баласы болма, адамның баласы бол