October 17, 2024

Қазақстанның киберқауіпсіздігі

Бүгін DefCon-31 конференциясында болған презентациялар қарағанмын.

  1. Tracking the World's Dumbest Mercenaries
  2. Living next door to Russia

Бірінші видео Қазақстандық журналиске қарсы хакерлер қалай шабуыл жасағаны туралы. Ал екінші видео Ресейдегі хакерлер жайлы.

Екі видеоның нәтижесі есебінде мен Қазақстандағы киберқауіпсіздік төмен деген ойға келдім. Оны жылдам түрде жоғарлату өте маңызды.

Әр апта сайын СМС арқылы фишинг шабуылдар туралы көп естиміз. Сол шабуыл жасайтын адамдарды ұстады деген жаңалық естіген емеспін. Онымен қоса, автоматты түрде Қазақстан нөмері арқылы СМС жіберу үшін mobile fake stations терге доступ қажет. Біздегі киберқауіпсіздікке жауапты адамдар, кемінде сол base stations-терді тауып, желіден өшіріп тастады немесе әлсіздік болса, соны дұрыстады деген жаңалық естіген емеспін.

Бірінші видеода басқа бір елдің хакерлерінен көмек сұрағанымыздың өзі жағдайдың мүшкіл екенін көрсетеді.