October 17, 2024

Бала және ер жігіт

"Бұрынғының баласы он үшінде баспын дер, бүгінгінің баласа отызында жаспын дер" Мақал

Бүгін күндіз жақсы бір хадис естігенмін (https://www.youtube.com/watch?v=QA7hjyZ9X-I). Қысқаша мағынасы уақыт өте келе адамдар толықтықты сүйіп, көп сөйлейтін болады.

Соңғы кездері жастардың арасында толық, өз-өзіне қарамайтындарды жиі байқап жүрмін. Толық - деп мен тек семіздікті ғана емес, онымен қоса гипер-тұтынушылықты айтып отырмын. Өзіне қажет емес киім кешек, сотка, сағат және басқа дүниелік нәрселерге көбірек мән беретін жағдайға жеткен сияқты.

Сосын көп сөйлеп, аз сөйлейтін дәрежеге жеткен сияқтымыз. Мен жеке өзім бір күні бизнес ашамын деп жүрген, бірақ сөзді іс жүзіне түсірмеген бірталай жастарды танимын.