Жұрттың баласы!
Егер шүкіршілікте болсаңдар (қанаған етсеңдер, риза болсаңдар), Мен сендерге оданда көп беремін.
Маған бізде (қазақстандықтарда) қанағатшылық аздау, ал қызғанушылық көптеу секілді болып көрінеді. Әрқашан өзімізді басқа біреумен салыстырамыз. Басқадан асып түсеміз деп, өзгеге жоғары көрінеміз деп, пайдасынан зияны көп нәрселер жасап жатамыз. Той, кредитке телефон, люкс брендіндегі киім-кешек және т.с.с заттарға маңдай терімізбен тапқан табысымызды жұмсап жатырамыз.
Бұл "дәстүр" кішіден бастап үлкен нәрселерде көрініп жатады. Мемлекетіміз қаншама керексіз, өзгеге жақсы көрінеміз деген мақсатпен жарнамалық акциялар (азияда, экспо, көшпенділер ойыны) ұйымдастырды. Тіпті халықаралық олимпиадада жоғарғы дәреже көрсетеміз деп шетелден спортшылар сатып алдық. Осы жасалған шығындардың позитивті нәтижесін көрмеген сияқтымыз.
Өзімізден бастап айтылған жаман қасиеттерден айырмасақ, әрқашан басқа біреуге тәуелді болып қала береміз. Тәуелділік тек қаржы жақтан емес (кредит), ой жақтан құптау, баға беру дегендей. Мысалы, өзіміздің елдегі дарынды жастарды басқалар мойындамаса, біз өзіміз бірінші болып мойындамаймыз. Ғылым болсын, өнер саласы болсын, ұлттық салт-дәстүріміз болсын, барлығы үшін басқа біреудің қолдауын мойындауын көзіміз мөлдіреп күтіп отырамыз.
Бұл әдет ғасырлар бойы өзге елдің қол астында колония есебінде болғанымыз үшін қалыптасқан сияқты.
Болашақта шын мәнінде тәуелсіз болу үшін бұл әдеттен айырылуымыз керек.